Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелері бекітілсін.
2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова):
1) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы |
Ф. Қуанғанов |
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2008 жылғы 16 мамырдағы
№ 272 бұйрығымен
бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру
ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес қызметінің тәртібін айқындайды.